«Дарын» орталығы туралы

Республикалық сырттай оқу мектебі

Республикалық сырттай оқу мектептері (әрі қарай- РСОМ) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мектеп оқушыларына арналған қосымша білім беру бағдарламасы.

Ғылым негіздері бойынша РСОМ басты мақсаты – республиканың жалпы білім беретін мектептері, оның ішінде ауыл мектептері оқушыларының ғылым негіздері бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, әдіскер-мұғалімдері тарапынан көрсетілетін оқу-әдістемелік көмек болып табылады.

РСОМ-ның оқушылармен жұмысының негізгі түрі – хат алмасу арқылы оқыту, яғни оқушыларға өздік жұмысына арналған әдістемелік құралдар жіберіледі, олар оны белгіленген мерзіміне дейін орындап, «Дарын» РҒПО-ның көрсетілген мекенжайына тексеруге жібереді.

РСОМ-да оқу ақысыз және қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

РСОМ негізгі міндеттері:

  • оқушылардың түрлі ғылымдарға қызығушылығын дамыту;
  • оқушыларды ғылыми жене ғылыми-танымал әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
  • ауылдық жерлер оқушыларының білімін шыңдауға, қажетті ақпараттармен танысуға, ғалымдар мен білікті мамандардан кеңес алуға мүмкіндік жасау;
  • оқушылардың ғылым негіздері бойынша білімін келешек кәсіби бағдары ретінде қарастырып, кеңейту және тереңдету;
  • олимпиада міндеттерін шешуге дағдыландыру, оқушылардың шығармашылық икемділіктерін дамыту;
  • РСОМ аясында өткізілетін шығармашылық ауысымдар, конкурстар, сырттай олимпиадалар арқылы ғылымға ерекше бейім және қабілетті оқушыларды анықтау.

РСОМ жетекшісі «Дарын» РҒПО директорының бұйрығымен тағайындалады.

РСОМ бағдарламасы төмендегі бағыттарды қамтиды:

  1. математика;
  2. физика;
  3. химия;
  4. биология;
  5. информатика;
  6. қазақ тілі мен әдебиеті;
  7. Қазақстан тарихы.

РСОМ-да 7-11 сынып оқушылары жеке дара, толық сыныппен, оқушылар үйірмесі немесе топпен оқуына болады.

РСОМ-да оқу мерзімі бағдарламаға сәйкес 1 жылдан 5 жылға дейін.

РСОМ-ға қабылдау тиісті пәндерден тапсырмаларды орындау нәтижесі бойынша жүргізіледі. РСОМ тапсырмаларын «Дарын» РҒПО жеке басылым және «Дарын» ақпараттық-әдістемелік жинақта басып шығарады. Әрбір келесі тапсырма оқушылардың пікір жазылған жұмыстарымен қоса жіберіледі.

РСОМ директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына, пән мұғалімдеріне семинарлар өткізеді.

РСОМ оқушылары белгіленген мерзімде жұмыстарын тексеруге жіберіп, оларға жазылған пікірлерді қабылдап алады. Егер жұмыс сынақтан өтпесе, оқушылар барлық қажетті түзетулермен қайта тексеруге жібереді.

«Ұжымдық оқушы» тобының оқушылары бірлесіп орындаған бір жұмысын жібереді. РСОМ мұғалімдерінің «Ұжымдық оқушы» бағдарламасы бойынша жұмысы мектепте факультатив жүргізумен бірдей болуы мүмкін.

РСОМ жетекшісі оқу жылының соңында республикалық сырттай олимпиадасын өткізе алады (әрі қарай - РСО). РСОО нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған оқушылар «Дарын» жазғы профильді мектебінің ақысыз оқу-сауықтыру ауысымына шақырылады.

РСОМ-дағы оқу жылы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталып, келесі жылдың 30 маусымына дейін созылады.

РСОМ оқушылары оқу жылының соңында белгіленген үлгідегі куәлік, ал ерекше көзге түскендер – мақтау қағаз немесе диплом алады.

РСОМ-ның жақсы бітірген түлектеріне жоғары оқу орындарына түсуге ұсынымдар (рекомендация) беріледі.

РСОМ-да оқу ақысыз.

РСОМ-ның қызмет ету аясына байланысты барлық шығындары: әдістемелік құралдар әзірлеу, оқуға түсуге байланысты тапсырмаларды жинақтау мен басып шығару, оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру мен пікір жазу, ақпарат құралдарында тапсырмалары мен шарттарын жариялау – «Дарын» РҒПО есебінен төленеді.

РСОМ жетекшісінің мынадай құжаттамалары болуы тиіс:

  • «Дарын» РҒПО бекіткен жұмыс бағдарламалары,
  • РСОМ мүшелерімен жұмысының есеп журналы,
  • барлық жұмыс кезеңіндегі оқушылардың хат алмасу материалдары.

РСОМ жетекшісі қамтамасыз етеді:

  • күрделілігі және бағыттылығы түрлі деңгейдегі авторлық бірегей тапсырмалар жинақтау;
  • РСОМ-ның оқуға түсуге арналған тапсырмаларын және оның шартарын мерзімді басылымдарға жариялау;
  • РСОМ оқушылары үшін әдістемелік құралдар шығару;
  • РСОМ оқушыларына әдістемелік құралдар, тапсырмалар жіберу;
  • оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеру;
  • нәтижелерді бағалау, пікір жазу;
  • қаржылық құжаттарды, аванстық есептерді, РСОМ оқушыларының тізімін жорналға толтыру;
  • РСОМ тыңдаушыларына, түлектеріне ұсынымдар, мінездемелер жазу және жіберу;
  • сертификаттар, мақтау қағаздары, РСОМ бітіргендігі туралы дипломдар дайындау және жіберу.

РСОМ жетекшісінің жалақысы - 18 сағат – келісілген еңбекақы мөлшеріне сәйкес 1 жүктеме (ғылыми дәрежесі ескеріледі).

РСОМ жекекшісі «Дарын» РҒПО қызметкерлері арасынан әдіскерлерді тағайындайды.

«Дарын» РҒПО директоры РСОМ бойынша семинар өткізетін мектептерге және оның іссапар шығындарын төлеу туралы жыл сайын шешім шығарады, дайындалған және бекітілген кестеге сәйкес көбіне ауыл мектептеріне барады.

интернет статистика