Оспанова Маржан Қабдолқызы
Областная специализированная гимназия для одаренных детей им.А.Досмухамбетова

Туған жылы: 1955 жыл 13 наурыз.

Білімі, санаты, мамандығы: 1977 жылы Петропавл педагогикалық институтының жаратылыстану факультетін  химия  және биология  пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. 

Жұмыс орны: Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия – интернатының химия пәні мұғалімі қызметін атқарады.

Жетістіктері мен марапаттары:

2005 жылы  ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хатымен, 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігі дарынды балаларға интеллектуалдық даму талабына сай білім берудегі жетістігі үшін «Жаңашыл ұстаз»атағы берілді. VIII Халықаралық URFODU олимпиадасының  соңғы кезңіне қатысқан оқушыларды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.

Мұғалімнің пән бойынша оқыту проблемасы: «Химия сабағында оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктерін арттыру». Оқушыны дара тұлға етіп тәрбиелеу, олардың білім сапасын, таным-білім белсенділіктерін, іскерліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, заман талабына сай жаңа электрондық технологияларды пайдалану.

Теориялық білім алған оқушы есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы алған білімін пысықтап, толықтыра түссе,  тәжірибелер жасау арқылы оны тереңдетеді, бекітеді, құбылыстарды іс жүзінде көре алады. Сол себептен өз практикасында 8 сыныптарға арналған  «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» атты электрондық оқулық,, 9 сыныпқа арналған «Электролиттік диссоциация теориясы» атты әдістемелік құрал, «V А топша элементтері» атты жұмыс дәптері  жарық көрді.  Осы әдістемелік жұмыс жүргізу барысында химия пәнін таңдап алған оқушылары көптеген жетістіктерге жетті.

2008-2009 оқу жылы – Нұрахай А. облыстық олимпиадада ІІ орын, Халықаралық сырттай ғылыми жобалар сайысынан «Құрмет» грамотасын, Президенттік олимпиадада бірінші өңірлік кезеңнің ІІ дәрежелі жеңімпазы атанды.  2009 жылы Мұқатов А., 2012 жылы  Қабылда А. Республикалық юниор олимпиадасының «Қола медаль» иегерлері атанды.

2009-2010 оқу жылы - Габбас С., Копышев А. - Халықаралық сырттай ғылыми жобалар сайысының «Құрмет» грамоталарын иеленсе, Мұқатов Алтынбек жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген облыстық олимпиада IV орын, Науканова М. – III орын алды.

2010-2011 оқу жылы – Ерғалиев М., Науканова М., Жаманжігітова А., Башимов А., Баймұқан С. оқушылары VIII Халықаралық URFODU олимпиадасының  химия пәні бойынша күміс медаль иегерлері атанды.

Президенттік олимпиада Игасанова А. - бірінші өңірлік кезеңнің ІІI дәрежелі жеңімпазы, Мұқатов А. - IV дәрежелі жеңімпазы, Науканова М. - V Президенттік олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысушы.

Оқушылары әл – Фараби атындағы ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеттерінде оқиды.

ҰБТ – дан орташа ұпай - 22 балл.