Муаммер Гул
Казахско-турецкий лицей для одаренных мальчиков

 

Туылған жылы: 1971 жылы 24 қыркүйек

Білімі, мамандығы, санаты: жоғары, Мармара университетінің «Математика  пәні мұғалімі» мамандығы, жоғары санатты

Жұмыс орны, қызметі: Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының жоғары санатты  мұғалімі.

Марапаттаулары:

1)      2005 жылы «Ведущий к вершине олимпа» атағы;

2)      «Жас Математик» атағы;

3)      Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі;

4)      Астана қаласы Білім басқармасының Алғыс хаты, 2009ж.;

5)      ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2011ж.;

6)      Астана қаласы Білім басқармасының ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары, 2010,

      2011ж.ж.;

7)      Астана қаласы Білім басқармасының Грамотасы , 2011ж.

Оқушылардың жетістіктері:

2009 жылы Шығыс Қытайда өткен математикалық олимпиадада ІІІ орын;

2009 жылы өткен Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадасында Алтын медаль;

2010 жылы Алматы қаласында өткен «Жібек жолы» математикалық  олимпиадасында ІІІ орын;

2010 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық пәндік олимпиадада ІІІ орын;

2010 жылы өткен «Азия және Тынық мұхит» халықаралық олимпиадасында ІІ орын. Жалпы алғанда 1998-2012 оқу жылдары аралығында

Республикалық олимпиада - 120 оқушы

Халықаралық олимпиада - 256 оқушы

Республикалық ғылыми жобалар - 80 оқушы

Халықаралақ ғылыми жобалар - 500 оқушы

Табысқа жету жолы

Ұстаздық жол - күрделі жол. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға..» деп Абай атамыз айтқандай, тек жалықпай еткен еңбек пен аямай төккен тер арқасында табысқа жетуге болады. Мұнымен қатар әр баланың жүрегіне жол тауып, оның жүрегінен орын алғанда ғана ұстаздық жол басталады деп ойлаймын.

Менің жалпы ұстанымым –сабақ  барысында оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда жаңа технология жетістіктерін пайдалана отыра және дарынды оқушылармен жұмыс істеу арқылы оқушылардың зерттеуге деген сүйіспеншілігін қалыптастырған жағдайда ғана пән бойынша білім сапасын арттыру мүмкіндігі туады.

Осы айтылғандарды оқушымен жұмыста ешқашан жадымнан шығармаймын. Оқушыларымның олимпиада, ғылыми жобалардағы ерен жетістіктері осындай қажырлы еңбегімнің арқасы деп ойлаймын.