Садыкова Зауре Жакановна
Школа-лицей №48

 

Туылған күні, айы, жылы: 28 тамыз1961 жыл

Білімі, санаты, мамандығы: Білімі жоғары, жоғары санатты, С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын 1982 жылы «Орыс тілі  және әдебиет пәні мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Жұмыс орны:  Астана қаласы дарынды балаларға арналған №48 мектеп-лицей директоры.

Марапаттары мен жетістіктері

1999 ж. «Қазақстан Білім беру ісінің үздігі» атағы;

2002 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты»;

2002 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;

2007 ж.  «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы;

2008 ж. «Дарын» РҒПО 10 жылдық мерейтой төсбелгісі;

2010 ж.  «Жаңашыл ұстаз»;

2010,2011,2012 ж. ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Грамоталары; 

Педагог  табысының тарихы

      Зауре Жакановна жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз ретінде оқыту үрдісіне білім, білік, машықты қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру мақсатында «Дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» атты шығармашылық тақырыбы бойынша еңбек етіп келеді. Зауре Жакановна 20 ғылыми мақала, «Жетістіктер мектебі» озық тәжірибесінің және «Көптілді оқыту жүйесінде дарынды балаларды дайындаудың дидактикалық жағдайы» атты ғылыми жұмыстың авторы. 2010 жылы «Талантты педагогтен интеллектуалдық технологиялар арқылы дарынды оқушыларға» атты республикалық педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жаңашыл ұстаз» номинациясына ие болды. Дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі арқылы мектеп басшылары мен мұғалімдерінің республикалық семинар, конференцияларында республикаға кеңінен танылды. 2006 жылы «Қазақ-түрік лицейлерінде дарынды балаларды дамытуға жасалатын жағдайлар» атты  баяндамасы «Дарынды балалар - Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру ұлттық моделінің контексінде» атты Халықаралық ғылыми—тәжірибелік конференциясының жинағына енді. 2007 жылы «Дарынды балаларды таңдау мәселесі» атты мақаласы «Дарын» журналының  №1 санына жарық көрді.

       Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай өткізген «Ради жизни на земле» атты ашық сабағы, биылғы оқу жылында «Сергей Есениннің өмірі мен шығармашылығына» арналған әдеби кеші мол ізденіспен, жоғары деңгейде өтілді. Зауре Жақанқызы мектеп басшысы ретінде педагогикалық кеңестің жаңаша, шығармашыл деңгейде өтуіне зор үлесін қосып келеді. «Жетістіктер мектебі», «Интеллектуалдық дарындылық: ақиқаты, проблемалары және келешегі», «Білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі» атты баяндамалары ұжым тарапынан жоғары бағаланды. Мектептің оқу үрдісіне «Нәтижеге бағытталған аралық бақылау сараптамасын» енгізу туралы тәжірибесін әдістемелік кеңесте таратты. 2011 жылы Зәуре Жақанқызының ұстаздық тәжірибесі жайлы Республика.KZ журналына Наталья Зеленяның "Ожидание чуда на каждом уроке» атты мақаласы жарияланды. 2011 жылдың тамыз айында өткен «Дарындылық мәселесіне жаңаша көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Дарындылық: ақиқат, проблемалар, келешегі» атты баяндамасымен республика мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті.  

       Садықова Зәуре Жақанқызы 2012 жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен дарынды балаларға білім беру ұйымдары мұғалімдерінің «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсында «Жетістіктер мектебі» авторлық бағдарламасымен  жүлделі ІІІ орынды иеленді.

      2012 жылдың 30 қазанында «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Оқу әдебиеттерін әзірлеу, сараптама, апробация, мониторинг жүргізу және басып шығару жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында қатысып, баяндама оқыды. Зәуре Жақанқызы–білікті ұйымдастырушы, талантты ұстаз, еңбекқор жан.