Момынкулова Алтынкүл
Школа-лицей №48

 

Туылған күні, айы, жылы: 5 қыркүйек 1953 жыл

Білімі, санаты, мамандығы: Қазақ педагогика институтын «Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.  Білімі жоғары, жоғары санатты.

Жұмыс орны:Астана қаласы дарынды балаларға арналған №48 мектеп-лицейіні қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары.

Марапаттаулар мен жетістіктері:

1986 ж. «Құрмет»ордені;

2007 ж. «Астанаға 10 жыл» медалі, ҚР Президенті Н.Назарбаев;

2008 ж. Республикалық олимпиадасының ІІ кезеңіне жоғары деңгейдегі білімді оқушы дайындағаны үшін «Астана дарын»;

2008 ж. RWCT» жобасының Халықаралық дәрежедегі әдіскері. Халықаралық сертификат;

2008 ж. Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының 1-орын жүлдегері 11-сынып оқушысы А.Молдабекованы дайындағаны үшін грамота. Ә.Бимендина;

2008 ж. «Дарынды балаларға көптілді білім беру жай-күйі мен болашағы» атты республикалық семинарда кәсіби шеберлік көрсеткені үшін грамота. Республикалық «Дарын» орталығының директоры Т.Битуова;

2008 ж. Астана қаласының 10 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында өткен Республикалық шығармалар конкурсының жүлдегерін даярлағаны үшін Алғыс хат, Министр Ж.Түймебаев;

2009 ж. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегері ІІІ дәрежелі Диплом. Вице министр А.Жақыпов;

2009 ж. «Адамдық борышың» атты Шәкәрім оқуларының жеңімпазын дайындағаны үшін «Үздік жетекші» номинациясы бойынша Мақтау қағазы, Ә.Бимендина, (оқушылар: Исмагулова Айгерим, Қадірбаев Санжар);

2010 ж. Шаттық» байқауына мәнерлеп оқудан оқушы дайындағаны үшін марапатталады, Ә.Бимендина,(оқушы Қазалиев Алмас);

2011 ж. Қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат, Ә.Бимендина;

2011 ж. «Тәуелсіздік тағылымы» атты ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына өткізілген қалалық оқушылар айтысының жеңімпазын дайындағаны үшін Алғыс хат, Ә.Бимендина (оқушы Нағызхан Ақнұр);

2011 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан» атты республикалық үздік шығармалар жинағына 11-сынып оқушысы Нағызхан Ақнұрдың шығармасы енді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсан айының 5-індегі жарлығы бойынша «Құрмет грамотасымен» наградталды;

2013 ж.  «Қазатомпром» мен Білім және ғылым министрлігі қолдауымен өткізілген «Болашақ қуаты» тақырыбындағы шығармалар байқауында Республикалық дәрежеде 10-сынып оқушысы Ұ.Байырбекова жеңімпаз атанды.

Табысқа жету жолдарым

      «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын - мұғалімдікі» деп М.Жұмабаев айтқандай, ұстаздық - ұлы қызмет.   Мен өзімді осы ұлы қызметтің иесі болғаным үшін бақытты санаймын. Өзімнің шәкірттеріме білім нәрі мен жүрек жылуын беріп, парасаттылық жолын бағыттап келемін.

       Бүгінде Қазақстанның өркениетті, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы маңызды болып отыр. Елімізде білім жүйесін өзгерту, реформалау жүріп жатыр. Ізденіс, бақылау, зерттеу, жаңару үздіксіз әрекетте. Біз әлемдік деңгейдегі білім беретін сапаға көтерілуіміз қажет. Әлемдік талаптарға сай қалай оқыту керек? Осы сұраққа жауап беру үшін педагогикалық ұзақ жылдарым ізденіс пен үздіксіз әрекеттерден тұрды. Мен ұстаз, филолог, ата-ана, тұлға ретінде бүкіл әлемді толғандырған сауаттылық мәселесін өз тәжірибемдегі «Отбасылық сауаттылық» жобасы арқылы қарастырып, оқыту үрдісіне жаңаша ықпалын танытып, оқушылардың оқырмандық қабілеттеріне ата-аналармен бірлесе отырып айтарлықтай өзгерістерді енгізе алғанымды табыстылық өлшемі деп танимын. Оның айғағы менің оқушыларымның адамзаттық рухани құндылықтары артып, Абай айтқан «жүректің көзі ашылып», өз заманының білімді тұлғасы болуда.