Искакова Дана Манапқызы
Дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп –интернаты

 

Туылған күні, айы, жылы: 20 тамыз 1977 жыл

Білімі, мамандығы, санаты: жоғары,1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша  аяқтаған.

Марапаттары, жетістіктері:

-         2012ж. - Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;

-         Ақмола облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары;

-         II Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесінде ІІІ орын;

-         облыстық «Үздік педагог»  конкурсында «Ғылымға қадам» номинациясы бойынша І орын;

 

Искакова Дана Манапқызы мұғалімдік келбетінен бастап әр ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, оқушы жүрегіне жол таба білетін, жаңашыл, озық технологияларды, әдіс – тәсілдерді меңгеруде үнемі ізденісте жүретін, ақпараттық технологияны жақсы меңгерген  жан–жақты ұстаз. Ізденіс тақырыбымен, айқын мақсатына бағытталған жоспарлы жұмыстары қашанда орындалып, өзіндік нәтижесін көрсетіп отырады. Дана Манапқызы әр сабағында оқушының танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасап, әр оқушының тұлғалық қабілетін ескеріп, пәндік мүмкіншілігі мол құзіреттілігі жоғары шәкірттер тәрбиелеуге, химия пәніне бағдарлауға үлкен мән беріп отырады. Оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды, әр түрлі химиялық сайыстар, ойындар, зертханалық жұмыстар, олимпиадалар өткізеді, ғылыми-зерттеушілік жұмыстар жазады. Оқушылардың өздігінен ізденіп жұмыс жасауына көп көмек көрсетеді. Әр сабағын қызықты өткізу мақсатында ақпараттық технологияны жиі қолданады. Пән онкүндігіне белсене қатысып, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстарды  жоғары дәрежеде өткізеді. Химия, биология пәндер бірлестігін  басқарады.                  

          Дана Манапқызы өз тәжірибесімен облыстық семинарларда әріптестерімен бөлісіп отырады. 2011-2012 оқу жылы химия және биология пәндері мұғалімдерінің  облыстық семинарында ашық сабақ және семинарға қатысушы мұғалімдерге «Бейінді оқытудағы  мұғалімнің кәсіби шеберлігі»  тақырыбында шебер – сынып өткізді. Астана қаласында  өткен «Қазіргі кездегі химия пәнін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми - әдістемелік семинарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды. 2012 жылы Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен химия, биология пәні мұғалімдерінің I облыстық Форумының қатысушысы және маусым айында Өскемен қаласында өткен Республикалық химия, биология пәні мұғалімдерінің Съезінің делегаты болды. 2012 жылы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің «Химия» бөлімінің магистратурасының грант иегері атанды.