Құлмағанбетова Айнагүл Сайлауқызы
Қазақ-түрік лицей-интернаты

Туылған күні, айы, жылы: 13 тамыз 1972 жыл.

 

Білімі, мамандығы, санаты:білімі - жоғары, Ш.Уәлиханов атындағыКөкшетау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін 1990-1995 жылдар аралығында  бітірді.

Марапаттары, жетістіктері:

Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хаты;

Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы;

ҚР БҒМ-нің Құрмет грамотасы;

 

   Айнагүл Сайлауқызы жас болса да, өзінің  білімі, еңбексүйгіштігімен, қажырлығымен кәсіби білікті ұстаз ретінде жан-жақты оқушыларға, ата-аналарға, ұжымға таныла білді. Ұстаздық жолында ұстанған мақсаты-әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарай біліп, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру. Бүгінгі заман талабына  сай  «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» азаматтарының болашағына жол бастаған жаңашыл мұғалімдердің алдыңғы сапындағы ұлағатты ұстаз екенін өзінің шығармашылық ісімен дәлелдеп отыр. Тынымсыз іздену нәтижесінде өз мамандығының шынайы шебері. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Айнагүл  Сайлауқызы орыс тілді балаларға мемлекеттік тілді үйретуде тіл үйретудің түрлі әдіс-тәсілдерін  кеңінен қолдану, оқушыларға жоғары талап қоя білу нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жеткізе білді. Бірнеше  жыл қатарымен оқушылары қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда  жүлделі орындарды иеленуі - қажырлы еңбектің нәтижесі. 1999 оқу жылынан  бастап  2012оқу жылы аралығында оқушылары жыл сайын  өтетін облыстық олимпиадада, республикалық олимпиадада жүлделі орынды  иеленіп, жеңімпаз атанып жүр. «Әдістеме - мұғалімнің тірегі, мұғалім мектептің жүрегі» атты тақырыппен облыстық көлемде бүгінгі заман талабына сай ақпараттық оқыту технологиясын қолдана отырып облыстық семинар өткізді. Сонымен қатар «Қазақ тіліне басым қолдау» атты қазақ тілі фестивалін ұйымдастырып, өткізуге атсалысып, оқушылардың, аудан, қала, облыс мұғалімдерінің шексіз алғысы мен ризашылығына  ие болды.Құлмағанбетова Айнагүл  Сайлауқызы –ұжымда сыйлы, беделді, көп жылдық тәжірибесімен үлгі боларлық білікті маман.