Тұрарбек ұлы Ануарбек
Қазақ-түрік лицей-интернаты

Туылған күні, айы, жылы: 11 қаңтар 1980 жыл

 

Білімі, мамандығы, санатыжоғары білімді, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  университетінің физика және информатика факультетін 2004 жылы бітірді.

Марапаттары, жетістіктері:

Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хаты, Құрмет грамотасы;

       Ануарбек Тұрарбекұлы бүгінгі заман талабына сай  оқушыға білім, біліктілік  дағдыларын меңгертуде, танымдылық белсенділіктерін арттыруда әрі жеке тұлғаны тәрбиелеуде үлкен ізденушілік танытып, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби шеберлігі жоғары маман ретінде таныла білді. Физика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалана отырып, ағылшын тілінде оқушыларға өз пәнінің қыр-сырын меңгертуде. Физика сабағында оқушыларға ақпараттық жаңа технологияларды қолдана отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырып, олардың дарындылығын шыңдауда.

Күнделікті сабақтарында оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын қолданып, оқушылардың өз пәніне деген қызығушылығын арттыра алды.  Сондай-ақ ұстаздың тынымсыз іздемпаздық еңбегінің арқасында, лабораториялық аспаптармен жабдықталған физика кабинетінде, оқушылармен ғылыми-шығармашылық эксперименттік ізденіс бағытында жұмыс істеп, айтулы жетістіктерге қол жеткізе білді. Ұстаз еңбегінің жемісі,белсенді танымдық әрекеті мен шеберлігінің, білімі мен біліктілігінің айқын дәлелі  оқушыларының қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадада, Халықаралық-ғылыми жоба жұмыстарында алған жүлделі орындарынан айқын көрінуде.