Шоңова Мағрипа Ғасизқызы
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын Кәсіби мектеп-гимназиясы

Туылған күні, айы, жылы: 25 сәуір 1955 жыл

Білімі, мамандығы, санаты: білімі жоғары, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

Марапаттары, жетістіктері:

2005-2006 жылдары «Ұстаздың шеберлік шеберханасы»  атты ОБЖИ ұйымдастырған сайыстың II орын иегері;

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

«Құрмет» орденінің иегері;

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі;

Н.К.Крупская медалінің иегері;

Мектепішілік, қалалық, облыстық деңгейдегі «Алғыс хат» ,«Құрмет грамотасы» және т.б. мадақтамалардың иегері.

2002 ж. Қ. Бітібаеваның Тараз қаласында өткен Республикалық семинарларының  сертификаты;

2010 жылы Өскемен қаласында Ж. Жабаев атындағы атаулы мектепте өткен Республикалық семинарларының  сертификат иегері;

2012 жылы 9-11 қазан аралығында Алматы қаласында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурсына қатысып, сертификат алды.

Жылы жүректі, жақсылық атаулыны жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы ілімді оқушы бойына қазақ тілі мен әдебиеті пәні арқылы үлкен шеберлікпен дарытып жүрген ұлағатты ұстаз. Ұстаз алдынан Айсина Айсана, Мұқатов Арман, Сәбитов Жантас, Оспанова Меруерт, Тұрашев Дархан, атты әуесқой жас ақындар қанаттанды. Ұстаз талмай ізденумен шығармашылық табыстарға қол жеткізуде. 2011-2012 жылы  оқушысы Сабит Жантас «Жаса, жайна, Қазақстан» ұлттық ғылыми жобада ІІІ орынды иеленді.

Жыл сайын пәндік олимпиададан, «Мектеп одиссеясынан» оқушылары жүлделі орындарды иеленіп келеді. Өз сабақтарына жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, қалалық, облыстық көлемде бірнеше ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен алмасты. Бірнеше жыл қатарынан қалалық шығармашылық топтың мүшесі болды. Ұстаз жаңаша ойлап, кәсіби шеберлігін жетілдіру барысында СТО сияқты оқушы оятатын бүгінгі таңның талабына сай технологияларды сәтті қолданып жүр.