Рахимжанова Тургун Қабидоллақызы
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын Кәсіби мектеп-гимназиясы

Туылған күні, айы, жылы: 12 наурыз 1962 жыл

Білімі, мамандығы, санаты: жоғары білімді, жоғары санатты тарих, қоғамтану пәнінің оқытушысы.

Марапаттары, жетістіктері:

2006ж., 2009 ж., 2011 ж.ж. Ақмола облысының білім басқармасының «Құрмет» грамотасының иегері.

2009-2010 оқу жылы - облыстық пәндік олимпиада – ІІ орын (Мансурова А.)

2011-2012 оқу жылы - қалалық пән олимпиадасы - І орын (Бекенов С.)

2011-2012 оқу жылы - облыстық пән олимпиадасы - І орын (Бекенов С.)

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған Республикалық қашықтық олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, сертификат иеленген. 2012 жылы Алматы қаласында өткен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсында «Отантану» элективті курсы бойынша номинацияға ие болды.

Білім стандартына сәйкес нұсқауларды орындай отырып, тарих, қоғамдық пәндерді оқытуда қойылатын талаптарды игеру барысында оң нәтижелерге қол жеткізілді. ҰБТ бойынша білім көрсеткіші жоғары деңгейде. Мектеп бітіруші оқушылар осы көрсеткіштің барысында білім гранттарын жеңіп алуда. 2009-2010 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші 96 пайыз болды. 2010-2011 оқу жылында мектеп түлегі Роза Сауытова Қазақстан тарихынан – 25 балл, Дүние жүзі тарихынан – 25 балл алып, жоғары білім сапасын көрсетті.

Тарих пәні сабақтарын сапалы өткізу үшін төмендегі талапты басшылыққа алады:

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, оқу белсенділігін арттыру мақсатында оқытудың интерактивті әдістерін;

- өзін-өзі бағалауға дағдыландырып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жолдарын қарастыру.

Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, пән олимпиадаларына, түрлі сайыстырына қатысу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып келеді.

«Ұстаз – тынымсыз лаулаған жалын иесі, ақыл мен ойдың  айқын көрінісі» деген  Каменскийдің  ұлағатты сөзін еңбек жолымда ұран қылып ұстап, білімді ұрпақ тәрбиелеуде үздіксіз еңбек ету керектігін жете түсінемін. Себебі: «Білімді ұрпақ- еліміздің болашағы».