Уразбекова Аягоз Саркенкызы
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын Кәсіби мектеп-гимназиясы

Туылған күні, айы, жылы: 10 сәуір 1962 жыл

Білімі, мамандығы, санаты: жоғары, ағылшын тілі және неміс тілі мұғалімі, 14 санат. 

Марапаттары, жетістіктері:

2008 ж. - Қалалық білім бөлімінің мақтау қағазы, Алғыс хаты;

2010 ж. - Ақмола облыстық БЖИ-ның құрмет грамотасы;

2012 ж. - «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасы;

2007-2008 оқу жылы  «Кенгуру»  Халықаралық білім марафонында 3 оқушы 1 орын иегерлері;

2009-2010 оқу жылы  қалалық олимпиадада І орын (Балташева М);

2010-2011 оқу жылы  қалалық олимпиадада 1 орын ( МавлютН.)

«Ерте жастан шетел тілін оқыту» және «Үштілділік» республикалық эксперименттері бойынша жұмыс істейді. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына, облыстық, қалалық семинарларда жоғары деңгейде ашық сабақтарды беріп тұрады.  «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығына «Ерте жастан ағылшын тілін оқыту» республикалық эксперимент «Happy English» (Қызықты ағылшын тілі) атты ашық сабақ берді.

2010 жылы «Эксперимент – инновация жетістігінің кепілі» атты ғылыми- практикалық конференцияда баяндама жасап, ашық сабақ беріп, жұмыстары конференция материялдарының жинағына енді.

2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми практикалық орталығында жалпы білім беретін мектеп оқулықтарына сараптама жасауға қатысты.

2012 жылы «Ерте жастан ағылшын тілін үйрету» және «Үштілділік» республика бағдарламаларын іске асыру мақсатында мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау құрастырушылардың бірі.

2012 жылдың тамыз айында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбындағы дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесінде «Ерте жастан ағылшын тілін үйрету» және «Үштілділік бағдарламаларының өзектілігі, дидактикасы және перспективасы» атты баяндамасы конференция материалдарының жинағына енді.