Егизбаева Орынкуль Жумадиловна
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл Фараби атындағы арнаулы гимназиясы

Туылған күні, айы, жылы: 17 қазан 1952 жыл

Білімі, мамандығы, санаты: білімі жоғары, жоғарғы санатты биология және химия пәнінің мұғалімі

Жұмыс орны, қызметі: Алматы облысы, Қарасай ауданы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын  Әл Фараби атындағы арнаулы гимназиясының биология,химия пәні мұғалімі.

Марапаттары мен жетістіктері:

2007 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының Құрмет грамотасы;

Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы;

2008 ж. Астананың 10 жылдығы төс белгісінің иегері.

               Ұстаз біліктілігі  – табыс кепілі

Мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат – шығармашылықпен ойлай білетін дарынды тұлғаны тәрбиелеу. Білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыта отырып жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қаблетті жеке тұлғасын қалыптастыру жолында ізденіспен жұмыс істеу.

Гимназияда үш тілді өзара байланыстыра оқытудың өзегі ретінде химия, биология, география пәндері мемлекеттік тілде ғана емес,ағылшын тілінде де өткізіледі, нәтижесінде әлемдік кеңістіктен келіп жатқан сан алуан ақпараттарды оқушының өз бетінше жинақтап қабылдай алуы, талдай білуі,өз қажетіне жарата білуі қалыптасуда. Жоғарыда аталған пәндерді терең түсіну үшін терминологиялық сөздіктер құрастырылып, әдістемелік құралдар жазылды.

Ұстаздың авторлық бағдарламалары:

1. 2009 жылы «Биология пәніне арналған дидактикалық материалдар және есептер жинағы»;

2. 2009 жылы «Ботаника бойынша ағылшынша - қазақша – орысша терминалогиялық сөздік»;

3. 2011 жылы қазан – қараша айларында шыққан «Ел – Назар» Республикалық журналға «Жасуша қызметі» тақырыбындағы еңбегі жарияланды.

Дарынды балалардың қаблеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу үшін, гимназияда оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми қоғамы жұмыс жасайды. Оның басты бағыты оқушылар белсенділігін және шығармашылық қаблетін дамыту, оқушылардың ғылым әлемін таңдауға қызығушылығын ояту, ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдеріне, экспериментке керекті приборлармен ғылыми әдебиетпен жұмыс жасай білуді үйрету. Осы мақсатта оқушылары КҒА, «Дарын» ғылыми жобалар байқауында, пән олимпиадаларында өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Олар: Шаукерова Л., Сүлейменова Р., Бурабекова Г., Бөкейханова Н., Маратова Г. т.б.

10 сынып оқушысы А.Кенжеәлі Республикалық конференцияға ғылыми негіздегі және эксперименті бар әртүрлі ізденіс жолындағы жұмысын ұсынды. Еңбегінде ғылыми байқаудың қорытындысы, әртүрлі рационализаторлық ұсыныстар мен проектілер көрсетілді. Жұмыстың ғылымилығы, жаңалығы, практикалық маңызы, автордың өзінің қатысу үлесі, жұмыстың өңделу сатысы бойынша жоғары бағаланды.