Айдаболова Маруар Зейнелсадиковна
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл Фараби атындағы арнаулы гимназиясы

Туылған күні, айы, жылы: 4 қараша 1960 жыл

Білімі, мамандығы, санаты: білімі жоғары, жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі

Жұмыс орны, қызметі: Алматы облысы, Қарасай ауданы, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы

Марапаттары, жетістіктері:

Қарасай ауданы әкімінің Алғыс хаты;

Облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының Құрмет грамотасы;

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын»РҒПО-ның Құрмет граммотасы;

Ратбек Шоқан - «Ақбота» интеллектуалдық марафонының республикалық конкурсында жүлдегері;

 Имантаева Айша - Астана  қаласына берілген жолдаманың иегері;

Гаухарбекова Мақпал - «Кенгуру» халыққаралық математикалық  конкурстың І-орын жеңімпазы; Кипр аралына берілген жолдаманы ұтып алды.

9 сынып оқушысы Тұрашбаева Дана мен 11 сынып оқушысы Қыдырбаева Жадыра - облыстық олимпиада жүлдегерлері.

ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры ұйымдастырған олимпиадада оқушылары Насырбеков Алиасқар мен Қыдырбаева  - 2 жыл қатарынан жүлделі орын иегерлері, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 ҚР Кіші Ғылым Академиясында Тұрашбаева Дананың «Математикалық есептердің гуманитарлық сипаты» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары бағаланды.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отырған сырттай оқу олимпиадасында да 8-ші сынып оқушылары Жакипова Жанна мен Ратбек Шоқан үлгілі нәтиже көрсеткені үшін марапатталды.

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп хакім Абай айтқандай еліміздің ертеңі болып табылатын оқушыларымыздың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп өсіруде ұстаз үлесі шексіз. Осындай ұстаздардың бірі – Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының математика факультетін үздік белгіге бітіріп, 30 жылдан астам уақыт ұстаздықтың қиын да қызықты жолында талмай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз Маруар Зейнелсадыққызы. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама»конкурсына қатысып, «Математикалық логика», «Математика пәнін оқытудың гуманитарлық сипаты» атты қолданбалы курс бағдарламаларының авторы ретінде танылып отыр. Сондай-ақ өзінің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Республика ұстаздары» газетінде, «Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім», еларалық «Атамекен-Ай», «Ізденіс» ғылыми журналдарына үнемі мақалалары жарияланып тұрады.

 «Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат» демекші Маруар Зейнелсадыққызы – парасатты, әдептілік пен адамгершілікті жоғары ұстаған білімді ұстаз.