Құмарова Нағайша Момынбековна
Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты

Туылған күні, айы, жылы: 5 тамыз 1965 жыл

Білімі, мамандығы, санаты: білімі – жоғары, Ташкент мемлекеттік университетін аяқтаған, санаты – бірінші.

Жұмыс орны, қызметі:Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі.

Марапаттары, жетістіктері:

2012 ж. Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы;

2007 ж.  Алматы облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының мақтау қағазы;

2012 ж.  «Нұр Отан» Халықтық  Демократиялық партиясы, Алматы облыстық филиалының саяси кеңесінің алғыс хаты;

Педагогтың жетістікке жету жолы

      Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Табиғатынан педагог боп жаратылған, айналасына білім мен біліктіліктің, ерлік пен табандылықтың шуағын таратып, бүкіл саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Құмарова Нағайша Момынбекқызы – қазақ мектептерінде математиканы оқытудың ерекше кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген ұстаз. Математика пәніне қызығушылығы оянып, ұстаз болуды бала күнінен армандаған. Ұлылықты ту етіп, келешекте сенім отын жандандырып, сол асыл арманын бойына ұялата білген өзінің мектептегі білімді әрі әдемі, тағамы мен парасаты жоғары ұлы ұстазы – Нұрымова Әлия.

Ұстаз отбасында дүниеге келіп, дүниедегі білім атаулының  кілті де құпия, сыры да ұстазда екенін жастайынан көкірегіне түйіп өскен. Өзбекстан республикасы, Бұхара облысы, Тамды ауданында мектепті Алтын Алқамен бітіріп, бір жыл өндіріске қалып, қой өсіруші комсомол жастар бригадасының бригадирі, коммунист болып туған жерінің гүлденуіне ат салысады. Сол кезде ерен еңбегі үшін «Тамды қарлығаштары» атты Нағайшаға арнап деректі фильм түсірген. Балғын балалық арманы жетелеп, Ташкент мемлекеттік университетінің математика факультетін бітірген соң 2001 жылы Ата жұртқа оралып, ұстаздық жолында тынбай еңбек етуде.

Мұғалімнің өзекті мәселесі «Спорт мектебінеде математиканы оқытуда оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру». Осы мәселе арқылы ұстаз көп уақыттарын жарыстарда өткізетін оқушыларға математикадан мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім беруге көп назар аударады. 2011 жылы Алматы облысының білім басқармасы «Бизнес, құқық және жаңа технологиялар» колледжі ұйымдастырған «Инновациялық білім беруді дамытудың өзекті аспектілері» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Спорт мектебінеде математиканы оқытуда оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру» атты өз іс–тәжірибесінен жасаған баяндамасы ІІ орынды иеленді. Өз білімі мен шеберлігін арттыруда Нағайша Момынбекқызы әріптестерімен іс-тәжірибесін үнемі бөлісіп, ғылыми-әдістемелік журнал беттеріне еңбектерін жариялап отырады. Мәселен, 2001 жылы «Спорт мектебінеде математиканы оқытуда оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру»; «Математика және физика» республикалық ғылыми – әдістемелік журналында «Математика спортшы жанұясында» атты еңбектері шықты.