Баймуханова Гульнар Кыздарбаевна
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназия

Туылған күні, айы, жылы: 2 қыркүйек 1956 жыл

Білімі, мамандығы, санаты: жоғары білімді, Гурьев педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген.

Жұмыс орны, қызметі:Атырау қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясының жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі.

Марапаттары, жетістіктері:

«Физика пәніне оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық ізденісін арттыру жолдары» атты Республикалық семинарда баяндама жасап, І орын иеленген;

«Ізденіс – шығармашылық баспалдағы» атты педагогикалық еңбек авторлары мен тірек мекемелері слетінде «Физика есептерін шығару» байқауында – ІІ орын.

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық сайысында «Дарын» РҒПО-ның грамотасы.

2006 жылы Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткінші ұрпақты тәрбиелеуде табыстары үшін қалалық білім бөлімінің «Алғыс хаты»;

2010 жылы Құрмет грамотасы;

2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломы;

2010 жылы  «Үздік пән бірлестігі» атты қалалық байқауында жүйелі шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленген физика пәні бірлестігінің жетекшісі номинациясының иегері;

  2012 ж.  «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурста ҚББ және Ғылым министрлігінің грамотасы;

2012 жылы Дарынды балалар-Қазақстанның болашағы Республикалық энциклопедияға енді, сертификат иегері; 

"Білім саласының дамуында қосқан үлесі үшін" төс белгісі иегері;

2008 жылы V «Инновациялық педагогикалық идеялар» атты республикалық фестивальда «Тұрақты ток заңдары» модулі бойынша есеп түрлерін шығару әдістемесін республикадағы математика, физика, информатика пәні мұғалімдері алдында қорғап ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  

«Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық конференцияға Қазыбаева Айнұр, Болат Арман, Ерғалиева Айшабибі қатысып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаты мен мақтау қағазына ие болды.

Республикалық «Ғылыми жобалар» сайысына Нұрбергенова Арайлым қатысып сертификатқа ие болды.

Облыстық «Ғылыми жобалар» сайысында 4 оқушы, қалалық олимпиадада-11 оқушы, облыстық олимпиадада 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Баймуханова Гульнар Қыздарбайқызы – өз білімі  мен біліктілігін шәкірттер санасына сіңіре білген ұлағатты ұстаз. Талғамы биік, талабы жоғары ұстаз қиын да, қызықты физика пәнін оқушыларға терең меңгертуге күш-жігерін аямай, шәкірттер алғысына бөленді, ата-аналар ризашылығына ие болды.

Ұстаздың - мақсаты нәтижеге бағытталған білім беру, өзіне өзі сенімді жеке тұлға тәрбиелеу. 2003жылы «ХХІ ғасырға сапалы біліммен» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Физика пәнін оқытуда модульдік технологияның тиімділігі» баяндамасын педагогтар қауымы жоғары бағалады. 

 Гулнар Қыздарбайқызы «Он-лайн» режимінде «Физика пәнінен нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде қолданылатын жаңа инновациялық әдістер» тақырыбында  дәріс берді. Ұстаз өз мақалаларын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы (Жаратылыстану ғылымдары сериясы) 1(2) 2006ж., 1(8) 2007ж., №10 2008ж.жариялап отырды.

Қызықты оқытылған жерде ғана жақсы білім болатын естен шығармайтын ұстаз ұлттық бірыңғай тестіге дайындықты жүйелі жүргізіп, «Физика есептері және оларды шешу әдістері» атты қолданбалы курсты Х-ХІ сынып оқушылары үшін ұйымдастырып әдістемелік оқу құралын дайындады. Ол Атырау облысы кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтының тәжірибе-эксперименттік зертханасының кеңесі арқылы талқыланып, мақұлданды және баспаға ұсынылды. 2012 жылы оны көбейтіп, көпшілікке ұсынды.

  Гулнар Қыздарбайқызы физика пәнін таңдаған оқушылардың 40-ы –мемлекеттік грант иелері; «Алтын белгі» иелері: Берембекова Арайлым, Ерғалиева Айшабибі, Нұрбергенова Арайлым, Байдешова Гауһар, Оразғалиева Гауһар т.б.

Жүрек қалауымен физика пәні мұғалімдері атанған Нұриева Жанат №13 орта мектепте, Садыкова  Нүргүл «Дарын» мектебінде, Даулетқалиев Нұржан, Құлбарақова Эльвира, Құсайынова Ғалия, Садықов Әліби–Индер ауданында, Баймуханова Гүлназ-№35 мектеп-гимназиясында еңбек етеді.

Сондықтан мәртебелі де, қадірлі мамнадық иесінің шәкірттер алғысына, әріптестер марапатына, ата-аналар ризашылығына бөленуі ерекше әсер қалдырады.