Сайлауов Салауат Сайлауович
Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты

Туылған күні, айы, жылы: 31мамыр1986 жыл

Білімі,  мамандығы, санаты: білімі жоғары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, санаты – екінші.

Жұмыс орны, қызметі: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі         

Марапаттары, жетістіктері:

2011-2012 оқу жылында Қазақстан тарихы пәнінен "Тарих ата" VII республикалық қашықтық олимпиадасында 10-сынып оқушысы Жәмикеев Бекжан - ІІ орын;

2011-2012 оқу жылында Қазақстан тарихы пәнінен "Тарих ата" VII республикалық қашықтық олимпиадасында 9-оқушысы Баймен Азат - ІІІ орын;

2012-2013 оқу жылында жаратылыстану пәндері бойынша V Президенттік олимпиадада 3 алтын, 1 қола медаль иегерлері;

Мұғалім туралы очерк

          Сайлауов Салауат Сайлауович Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінде Қазақстан тарихы пәнінен дәріс берді.

Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатында 2010 жылдан еңбек етеді. 2012-2013 оқу жылында директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Сайлауов Салауат осы қызметте мектеп-интернатта қалыптасқан оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау жұмыстарын  жалғастырды. Оқушыларды оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту жұмыстарына басшылық жасады.

Уақыт талабына сай қабілеті бар, дүниежүзілік білім кеңістігіне бойлай алатын дара тұлғаларды тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған жаңалыққа жаны құмар Сайлауов Салауат іс-тәжірибесін облыс көлеміне таратты. Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесіп олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдердің, пән мұғалімдерінің ҰБТ-ға дайындау әдістемесі бойынша іс-тәжірибе бөлісу мақсатында облыстық деңгейде семинарлар ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізілуін қадағалап отырды.

Салауат ізденуден жалықпайтын, үнемі білімін көтеріп отыратын ізденгіш ұстаз, іскер басшы. Осы орайда ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын Республикалық институтта «Электрондық оқыту жүйесін енгізуді ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету», «Білім беру ұйымында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы инновациялар» тақырыптарында білімін

шыңдауда.