Кульмагамбетов Бауржан Лухманхакимович
Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты

Туылғанкүні, айы,жылы: 27маусым 1986жыл

Білімі,  мамандығы, санаты: білімі -жоғары, математика пәнінің мұғалімі, санаты - екінші

Жұмыс орны, қызметі: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі                                  

Марапаттары, жетістіктері:                             

2011-2012 оқу жылында облыстық олимпиадада І орын – 3, ІІ орын – 2,

ІІІ орын – 3;

2011-2012 ж. ж. республикалық олимпиадада ІІ орын – 2, ІІІ орын – 1;

2011-2012 ж.ж. халықаралық олимпиадада І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын - 4

Алматы қаласында № 165 мектепте өткізілген Халықаралық олимпиадада 2 оқушысы І орынға ие болса, 1 оқушысы ІІ орынға ие болды.

Халықаралық ХХIV  Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасына қатысқан 2 оқушысы ІІ орынға, 1 оқушысы ІІІ орынға қол жеткізді.

Халықаралық  ХI "Жібек жолы" математикалық олимпиадасында 10-сынып оқушысы Құрманбаев Рамазан ІІІ орынға ие болды.

Эйлер атындағы Халықаралық олимпиадада 8-сынып оқушылары Түзелов Дінмұхаммед, Сейдуалы Дарын ІІІ орын, қола медальға ие болды.

Саха Республикасының Якутск қаласында өткен Халықаралық ХІХ Туймаада олимпиадасына қатысқан 9-сынып оқушысы Камал Данияр І орын, алтын медальға ие болды.

 

Мұғалім туралы очерк

          Кульмагамбетов Бауржан Лухманхакимович 2009 жылы Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған Мемлекеттік университетінің математика факультетін бітіргеннен кейін, еңбек жолын Жезқазған қаласындағы қазақ-түрік лицейінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 2010 жылы Тараз қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатында математика пәнінің мұғалімі ретінде жалғастырды. Еңбек еткен жылдарында ол өзінің ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар маман екендігін іс жүзінде дәлелдеп көрсете білді. Дарынды шәкірттердің талабын ұштап, білімін нығайтуға күш-жігерін жұмсап жүрген шығармашыл, ізденімпаз, жас ұстаз 2010 жылдан оқушыларын пәндік олимпиадаға дайындау жұмыстарын жүргізеді. Кульмагамбетов Бауржан «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры, Республикалық білім жетілдіру институты тарапынан ұйымдастырған семинарларға үнемі қатысып, білімін көтеріп отырады. Математика кабинетін  қажетті материалдармен толықтырып, оқушылардың  сүйіп оқитын кабинетіне айналдырды.