Ахметжанова Толқын Сайлауханқызы
Айша бибі атындағы қазақ-түрік қыздар лицейі

Білімі,  мамандығы, санаты: білімі жоғары,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология факультетін  2006 жылы бітірген, жоғары санатты.

Жұмыс орны, қызметі:2007 жылдан бастап Айша бибі атындағы қазақ- түрік мектеп- интернатының биология пәнінің мұғалімі

Марапаттары, жетістіктері:

2009 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының Алғыс хаты;

2008 жылы КATEV халықаралық қоғамдық қорының Мақтау қағазы;

2009жылы КATEV халықаралық қоғамдық қорының Алғыс хаты;

2006-2012ж. ж. облыстық, республикалық ғылыми жоба жарыстарында І, ІІ, ІІІ орындар;

Облыстық олимпиада да 14 оқушысы - І, ІІ, ІІІ орын иегерлері;

АҚШ, Хьюстон қаласында өткен ISWEEEP халықаралық  ғылыми жоба жарысында 9 сынып оқушысы Мамбет Айман - Қола медаль жеңімпазы;

Туркияның Стамбул қаласында өткен INEPO халықаралық  ғылыми жоба жарысында 10 сынып оқушысы Абитай Анель - Күміс медаль иегері;

2011 жылы 11 сынып оқушылары Әлімова Айгерім мен Ералы Асыл Венгрияның Будапешт қаласында өткен Халықаралық рейтинг олимпиадасында Күміс медаль жүлдегері;.

Түркияның Стамбул қаласында өткен INEPO халықаралық  ғылыми жоба жарысында 10 сынып оқушысы Амзеева Алина мен Несіпбай Ақерке ІІ орын және Қола медаль иегері;

Мұғалімнің теориялық дайындығымен біліктілігін айқындайтын КАТЕV мұғалімдер арасындағы олимпиадада Ахметжанова Толқын 2007,2008, 2010, 2011 жылдары І, ІІ, ІІІ орындарды жеңіп алды.

Ұстаз 2011 жылы 8 сәуірде өткен облыстық үздік мұғалімдер форумына қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.

 Шығармашылық тақырыбы: «Биология сабағында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану».  Ұстаздың жас та болса еңбегінің нәтижесі үлкен.

Ұстаздың 2008 жылы «Шың» баспасында жоғары оқу орындарына арналған «Биология» пәнінен оқулық-тест кітабы шықса, «Здоровое поколение» тақырыбында авторлық бағдарламасы жарық көрді.